АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бұланды ауданы, «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасында ұйымдастырылған іс-шара

02.12.2019

2019 жылдың 29 қараша күні Ақмола облысы, Бұланды ауданы, «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасында «Бұланды аудандық білім беру бөлімі» ММ-мен үш жақты  ынтымақтастық меморандум аясында «Инновациялық технологиялар арқылы мектепке дейінгі балаларды жан-жақты дамыту мүмкіндіктері» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Мақсаты: мек­тепке  дейінгі  білім  берудің мемлекеттік  жалпыға  міндетті стандарт  талаптарына сәйкес  инновациялық  әдіс-тәсілдерді  қолдану арқылы   педагоги­калық шеберліктерін  арттыру, озық тәжірибелерімен бөлісу.

Балдәурен» бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері: Замзагүл Махшанай  «Монтессори әлемі» көрмесі,  Жылгельдиева Лаураның басшылығымен  «Ағаш және бала» көлеңке театры, Зейнел Алтынгүл ересек топтағы балалармен өткізілген «Зерек бала» олимпиадасы, Шадет Алеша  «Мамандықтың бәрі жақсы» оқу іс-әрекеті, Хуандык Арайгуль «Ерте кәсіптік бағдар беру» зерттеушілік жұмыстарының кәсіби  шеберліктерімен бөлісті. Психолог Насретхан Индираның «Біз біргеміз» тренингінде қатысушылар жағымды энергия алды.

Колледж тарапынан мектепке дейінгі педагогика пәнінің  оқытушысы Әмірова Сағира Абзалқызы «Мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын инновациялық технологиялар түрі», директордың практика жұмысы бойынша орынбасары Мұқышева Қаракөз Серікқызы «WorldSkills стандарттарын білім беру жүйесіне енгізу мүмкіндіктері» тақырыбында ой бөліссе, мектепке дейінгі бөлімнің ІІ-ІІІ курс студенттері Кравченко Анастасия «Математика сабағында қолданылатын технологиялар»,  Қалымсейіт Ақбаян «Математика сабағында М.Монтессоридің дидактикалық материалдарын қолданудың тиімділігі» атты практикалық сабақ көрсетті.

Бұланды ауданына қарасты «Снежинка», «Солнышко», «Балдырған», «Айгөлек» бала-бақшаларының әдіскерлері мен тәрбиешілері жаңаша оқытудағы тың жаңалықтарымен бөлісті. Шараға аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі тәрбие әдіскері Баитова Ғалия Рахимқызы іс-шара бойынша өз пікірін білдіріп, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушылары мен студенттеріне Алғыс хат табыстады.

Әр мекемеден келген қатысушы педагогтарға тәжірибе алмасардай  жоғары деңгейде өткізілді.  Бүлдіршіндер ән айтып, би билеп өздерінің көрермендерге деген ыстық ықыласымен қорытындылады. «Балдәурен» бөбекжай-балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Кожахметова Дариға Қаппасқызы колледж ұжымына ризашылығын білдірді.

Іс-шарадан кейін колледж оқытушылары Бұланды аудандық білім беру бөліміне қарасты «Снежинка» бала-бақшасының меңгерушісі Жатаева Дарагуль Алпысбаевнаның ұсынысымен осы бала-бақшаның материалдық базасымен танысып, тәрбиешілерімен кездесіп, іс-тәжірибемен бөлісті.

 

Просмотров: 550


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст