14.11.2022
2022 жылдың 11 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Филология» бөлімінің оқытушылары Рахимова Айсұлу Сенбіқызы мен Мәншүк Тұрлыбекқызы өңір орталығында орналасқан Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Оқушыларды толғандырған бірқатар сұрақтарға жауап берді. Колледждегі білім беру бағдарламалары және білім алушыларға жасалған барлық мүмкіндіктер таныстырылды.