АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» тақырыбында бизнес-тренинг өтті

28.11.2019

2019 жылдың  27 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде аймақтық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының жобалық менеджері Балташев Ринат Маратұлы,  кәсіпкер әрі бизнес-тренер Абжанов Бауыржан Елубайұлының қатысуымен «Кәсіпкерлік қызметтің негіздері» курсы аясында бизнес-тренинг өтті. Аталмыш шараға колледж оқытушысы Шайхыгалиев Ербол Аманжолұлы бастамасымен 4 курс студенттері жұмылдырылды.

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың  1 қыркүйегінен бастап облыстағы 83 мектеп, 25 колледжде «Кәсіпкерлік курстың негіздері» пәні енгізілген болатын. Жоба бастаушылары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп көптеген дайындық жұмыстарын жүргізіп, 84 мектеп, 48 колледж оқытушылары және 19 жоғары оқу орны мұғалімдері біліктілікті арттыру курстарынан өтті. Бұл пәнді енгізудегі басты мақсат – жастар арасында экономикалық ойлау мен кәсіпкерлік қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.

 

 

Просмотров: 466


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст