Текст
2022 жылдың 3 қараша күні Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Сырлыбаев Марат Қадырұлы оқу орнының 60 жылдық мерейтойына орай Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлына мерейтойлық төсбелгі тағып, естелік сыйлық табыс етті. Жарқын жүздесу мен қуанышты сәттер көп болғай!