04.11.2022
2022 жылдың 3 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Музыка» бөлімінің ІІІ курс студенттері өңір орталығындағы №1 «Арман» балабақшасында іс-тәжірибеден өтіп жатыр. Әдіскер Шарипова Салтанат Аманжолқызы білім алушыларға әдістемелік көмек көрсетіп, қолдау білдіруде. «Алтын күз» іс-шарасына белсенді қатысқан студенттер кештің көзайымы болды. №1 «Арман» балабақшасының ұжымы алғыстарын жаудыруда.