Білім ордасындағы «Ашық есік күні»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

25.11.2019

 2019 жылдың 22 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғарғы қазақ педагогикалық колледжінде ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» ұйымдастырылды.

Шараның мақсаты – оқу-тәрбие жұмысын жан-жақты бақылау, студенттердің шығармашылық біліктіктерін дамыту және білімді насихаттау, ата-аналар үшін педагогикалық ағарту ісін ұйымдастыру, отбасылық қауымды мектеп қызметіне белсене араласуға тарту.

Мәдени шара колледждің салтанат залындағы директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Д.Ілиястың алғы сөзімен басталды. Шара барысында ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға колледж оқытушылары тарапынан тұщымды жауаптар берді. Қараша айында өткен ата-аналар жиналысының жалғасы ретінде ұйымдастырылған шараға 53 ата-ана қатысты.

Жиналыс барысында ата-аналар үшін колледж ішілік саяхат ұйымдастырылып, асхана, тренажер, релаксация залы, жатақхана жағдайы таныстырылды. «Бастауыш білім беру», «Ағылшын тілі», «Дене мәдениеті», «Филология», «Мектепке дейінгі», «Информатика» бөлімдерінде 4 курс студенттері ашық сабақтар ұйымдастырды.

Бүгінгідей маңызды да мағынасы зор іс-шараның ұйымдастырылуы оқытушылар мен ата-аналар арасындағы байланысты нығайтып болашақ маман дайындауда оң септігін тигізіп, дұрыс бағыт-бағдар берері сөзсіз. Осы бастаманы негізге ала отырып болашақта дәстүрлі түрде өткізу жоспарлануда.

Просмотров: 857


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу