АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Бақытгүл Ерғалиқызының ұйымдастыруымен «ТАРИХ. УАҚЫТ. ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ...» тақырыбында воркшоптың 1 кезеңі ұйымдастырылды

24.11.2019

      2019 жыл 21 қараша күні қазақ қызының ұлттық болмысының әмбебап моделін және оған әсер етуші факторларды тұжырымдау мақсатында Бақытгүл Ерғалиқызының ұйымдастыруымен «Тарих. Уақыт. Қазақ қызы...» тақырыбында воркшоптың 1 кезеңі ұйымдастырылды. БМ-42ҚБ тобының студент-тұлғалары, «Ай-шуақ» педагогикалық жасағының тәлімгерлері қатысуымен өткізілген воркшоп барысының тарих айдарында әлемді бағындырған әйел тұлғалар жайында ақпараттық-зерттеу жобасы ұсынылды. Воркшоп спикері Сейтжан Салтанат Зере әжеміздің портретінің мазмұнын тұжырымдай отырып, дара тұлға Абайды қалыптастырушы – дара әйел тұлғасының ролін көрсете алды. Сонымен қатар,  Алла Ильчун, Коко Шанель тұлғалар жайында мазмұнды ақпарат айтылып, бейне баян көрсетілді.  Спикерлер Қожахмет Эльмира және Жанарбек Ботагөз өздерінің диалог-баяндамасын Маргарет Тэтчер, Әлия Молдағұлова, Роза Рымбаева, Динара Сатжан тұлғаларына арнады. Эксперттер Насырова Азиза және Нұғұман Айнұр «Нәтижеге жетудің 4 ережесі» ақпараттық таныстырылымын көрсетіп «Менің портретім» тренингін өткізіп, жүргізілген сауалнама нәтижесімен бөлісті. Келесі жұмыс мазмұны эксперттер Зейнолла Ақбілек және Каримова Анельдің «Жаңа форматтағы қазақ қызының моделі» инновациялық-сыни пазлын құрастыру бағытында болды. Аталған кезеңде воркшоп қатысушылары креативті, витагенді диалог құра білді. Осы кезең воркшоп мақсатының орындалуына негіз болды. Сонымен қатар «Қызға қырық үйден тыйым» парақшалары таратылып, қатысушылар кері байланыс беріп, екінші кезеңіне ұсыныс хаттарын жазды.

      Қазақ қызы тамырсыз емес. Тарихта мыңдаған жылдық үлгілер жатыр. Қызды неге бейімдеп, аруды неден қорғау керек екенін даналар айтып кеткен. Бүгінгі таңда қазақ қызының ары мен ұяты туралы түрлі көзқарастар қалыптасуда. Ұстаз ретінде ұлттың ұлы қазынасы болған қыз қылығы мен ана аманатын сақтау бағытында дүниетанымдық жұмыстар жүргізу – біздің миссиямыз.

 

 

 

 

Просмотров: 386


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст