АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Жаңартылған білім беру жүйесі – өмір талабы» атты семинар-практикумы

21.11.2019

      Ағымдағы жылдың 20 қараша күні колледжімізде «Жаңартылған білім беру жүйесі – өмір талабы» атты семинар-практикумы өтті. Семинарға, Көкшетау қаласы М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәнінің оқытушысы Нурмуханова Айнұр Аманбайқызы, №2 мектеп-лицейінің қазақ тілі пәнінің оқытушысы Сеитова Сәуле Балташқызы, колледжіміздің «Тіл және әдебиет» кафедрасының оқытушылары, филология бөлімінің 4 курс студенттері қатысты. Семинар-практикум директордың ғылыми-әдістеме жұмысы жөніндегі орынбасары А.Рахымның кіріспе сөзімен басталды. Жоламанова Тойындық Молдағалиқызының жетекшілігімен ФБ-41, ФБ-42, Фб-43 топтарының студенттері «Ықшам сабақ, оның тиімділігі», «Қазақ тілі пәнінде Кюзенер таяқшаларын қолдану», «Жазылым әрекеттерін жүргізу әдістемесі», «Модерация жүргізу әдістемесі» тақырыптарында тың мәліметтермен бөлісіп, өзара тәжірибе алмасты. Жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшілігін айқындап, тың әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, ықшам сабақтың тиімділігін көрсету, модерация процесін жүргізу арқылы тәжірибемен бөлісу, әдіс алмасу мақсатында ұйымдастырылған семинар-практикум келесі міндеттерді алдына қойды: жаңартылған білім беру жүйесінің ерекшеліктерін айқындау; жаңартылған білім беру жүйесінде қолданылатын ықшам сабақтың теориялық негізі мен практикалық негізіне тоқталу, модерация жайлы теориялық мәлімет бере отырып, тәжірибе жүзінде бөлісу. Семинар-практикум соңында «Ой тазарту» әдісі арқылы рефлексия жасалып, оқытушылар мен студенттер өз ойларымен бөлісті

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст