21.10.2022
2022 жылдың 20 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Қайырбай Айым Маралбекқызының және «Парасат» дебат клубы мүшелерінің ұйымдастыруымен «Егемендік – елдің баға жетпес игілігі!» тақырыбында І курс студенттеріне арналған ашық ой алаңы өтті. Мақсаты – Республика күнінің маңыздылығын насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру, қоғамда болып жатқан әлеуметтік және саяси үдерістерге қызығушылығын арттыру. «Парасат» дебат клубының үздік спикерлері ЛД форматындағы дебаттың озық үлгілерін көрсетті. Қатысушы студенттер тәжірибелі пікірсайысшылармен «Патриот деген кім?», «Патриотизм дегенді қалай түсінеміз?», «Әділетті Қазақстанды қалай қалыптастырамыз?» деген тақырыптарда жүйелі аргументтер құрастырып, өз ойларын нақты фактілер арқылы дәлелдей білді.