АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

№2 Педагогикалық кеңес

19.11.2019

2019 жылдың 18 қараша күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №2 педагогикалық кеңесі өтті.

Күн тәртібінде келесі  мәселелер қаралды:

1. Студенттерге орталықтандырылған білім берудегі әлеуметтендірудің рөлі;

2. «Суицидке қарсы превенция» төңірегіндегі сауалнама, 1 курс студенттерінің адаптациядан өтуі;

3. 1 курс студенттерінің білім деңгейінің көрсеткіштері бойынша білім сапасын жетілдіру жолдары.

4. 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы және 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының 0111093 «Информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасына көшу мәселесі;

5. Әртүрлі мәселелер.

     Күн тәртібінде белгіленген бірінші мәселе бойынша колледж директорының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Д.Ілияс сөз сөйледі. Ағымдағы жылдың тәрбие бағыты бойынша атқарылған жұмыстар, жатақханадағы тәртіп, тазалық т.б. мәселелер көтерілді.

       Күн тәртібінде көрсетілген екінші мәселе бойынша колледждің әлеуметтік психологы Қаракөз Мұратбекқызы есеп берді.

      Күн тәртібінде белгіленген үшінші, төртінші мәселелер бойынша колледж директорының оқу жұмысы бойынша орынбасары А.Рахимжанова сөз сөйледі. 1 курс студенттерінің аттестаттау қорытындысы таныстырылып, білім деңгейін көтеру мәселесі бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы және 0111000 «Негізгі орта білім беру» мамандығының 0111093 «Информатика мұғалімі» біліктілігі бойынша қолданбалы бакалавриат бағдарламасына көшуге дайындықты бастау мәселесі қарастырылып, жауапты топ құрамы бекітілді.

      Педкеңесте көтерілген мәселелерге орай тиісті қаулы қабылданды.

 

Просмотров: 486


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст