АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжіндегі педагогика пәнінің оқытушысы, педагог-шебер, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «8D01103 – Педагогика және психология» білім бағдарламасы бойынша PhD докторанты Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша «Білім алушыларға қатысты буллингтің алдын алу шараларын әзірлеу және оның өзекті аспектілерін зерттеу (киберпедагогика)» тақырыбында грант иегері атанды.
Бағдарлама идеясы қазіргі таңдағы білім алушылардың буллинг пен кибербуллингтен қорғанумен қатар болашақ педагогтердің сапалы білім ортасын құруға қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуден туындайды. Бағдарламаның мақсат-міндеттерін жүзеге асыру барысында күтілетін нәтижелер: буллинг және кибербуллингтің алдын алудың критерийлері мен индикаторлары, бағалау көрсеткіштері; әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық және әдістемелік-ақпараттық-талдамалық мәліметтер базасы; буллинг пен кибербуллингтің алдын алудың моделін әзірлеу; халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар жинағындағы ғылыми мақалаларда; аналитикалық материалдар жинағында көрініс табады.