АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМ»

17.11.2019
 
«Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, Өлмейтұғын артынан сөз қалдырған», - деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүрмек. Ұлы ақын, философ, ағартушы, композитор, аудармашы, жазба әдебиеті мен қазақ әдеби тілінің негізін салушы Абайдың мерейтойы қарсаңында, ағымдағы жылдың 15 қараша күні «Бастауыш білім беру» бөлімінің БМ-41 тобында «Абай Құнанбайұлы – ұлттық мақтанышым» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Абай шығармаларына шолу жасау, ақынның өлеңдері мен қара сөздерін оқыту арқылы адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу, Абай шығармаларын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған тәрбие сағаты мазмұнды әрі тартымды өтті. Студенттер тарапынан ұлы кемеңгер ақынның мол мұрасын өскелең ұрпаққа насихаттаудың маңызын көрсететін ізденіске толы мол материалдар жинақталып, тәрбие сағатында таныстырылды.
Просмотров: 451


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст