АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінен 27 қыркүйек аралығында Ақмола облысы білім басқармасының «Облыстық оқу-әдістемелік кабинеті» Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында «Қазақстан Республикасы колледждерінің ең үздік 100 студенті» байқауының аймақтық кезеңін өткізді. Байқауда Ақмола облысы колледждері бойынша 25 колледжден 43 қатысушы сынға түсті. Аталған байқауға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінен 4 үміткер қатысты. Олар – «Бастауыш мектеп мұғалімі» мамандығы бойынша ІV курс студенті Арапова Қарлығаш, «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша ІІІ курс студенті Арман Ақжүніс, «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі» мамандығы бойынша ІІІ курс студенті Ехсанова Камила, «Информатика мұғалімі» мамандығы бойынша ІІІ курс студенті Құмарбек Исламбек. Байқауға қатысушылардың мотивациялық хаты, болашақ маман ретінде өзінің белсенді қоғамдық қызметін таныстыру бейнеролигі, жобасы, фотосуреті талапқа сай ұсынылды. Республикалық кезеңге «Бастауыш мектеп мұғалімі» мамандығы бойынша 4 курс студенті Арапова Қарлығаш жолдама алды. Сәттілік тілейміз!