2019 жылдың 12 қараша күні А-21 тобында «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Қ.Мұратбекқызының ұйымдастыруымен «Әлем өзін танығанға ашылады» тақырыбында үлгі сабақ өткізілді. Үлгі сабақтың негізгі мақсаты – студенттерді жақсы ой ойлауға, айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білуге үйрету; қолдағы бар нәрсені бағалай білу қасиетіне тәрбиелеу; өзін және айналасын тануға деген қызығушылықтарын, сенімділіктерін арттыру; ізгілікке, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу. Өзін-өзі тану пәнінің жоспарына сәйкес сабақ барысында дауыс ырғағы және іс-қимыл арқылы салемдесу жүргізіліп, ішкі оңтайлы күйге ену мақсатында «қиялдағы әлем» аутотренингі қолданылды. Тақырыпты ашуға арналған дәйексөздер, шығармашылық топтық жұмыстар арқылы студенттер өз ой-пікірлерімен бөлісті. Қызықты сергіту сәті мен бес саусақ әдісі арқылы рефлексия жасалды. Дәріс теориялық және әдістемелік жағынан оқытушының студенттерді үнемі белсендіру әдістерімен ерекшеленді және жоғары деңгейде өтті.