АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Студенттер қатарына қабылдау - 2019

11.11.2019

       2019 жылдың 8 қараша күні кәсіби білім беруде алдыңғы оқу орындарының бірі әрі бірегейі, білім мен ғылым ордасы Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі күні кеше табалдырығын аттаған бірінші курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдады.

      Мерекелік кеш шымылдығын директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары А.Рахимжанова ашты. «Студент» атты асқақ атты иемдену үшін қажет ең негізгі құжат – «Студенттік билетті» бірінші курс топ басшыларына табыстай отырып, ыстық лебізді құттықтау сөзін арнады. Қазақстанның болашағы – жастардың қолында, колледжіміздің білім көкжиегіндегі орны да студенттердің білімге, ғылымға деген көзқарасымен анықталмақ. Сол орайда, Ағылшын бөлімінің меңгерушісі А.Сабырова бірінші курс топтарының оқу секторларына «Білім кілтін» табыс етті. Директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Д.Ілиясова биылғы оқу жылында алған асуларымызды, жетістіктерімізді атап көрсетті және болашақ студенттерді колледждің қоғамдық өміріне бар ынта-жігерімен араласатынына сенім білдіре отырып, бірінші курс топтарының  ұйымдастырушыларына «Тұмар» табыстады. Дәстүрлі түрде Көкшетау мәдениет сарайында кең көлемде аталып өтілетін студенттерді қабылдау кешінде жас білімгерлер ант қабылдады. Кеш мерекелік концертпен өз жалғасын тапты.


 

Просмотров: 461


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст