АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«Some, any, much, many,a lot of, a little,a few» тақырыбында үлгі сабақ өткізілді

09.11.2019

        2019 жылдың 5 қараша күні А-21 тобында ағылшын тілі бөлімінің оқытушысы Т.Б. Жунусованың ұйымдастыруымен «Some, any, much, many,a lot of, a little,a few» тақырыбында үлгі сабақ өткізілді. Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру мақсатында заман талабына сай, оқытудың интерактивтi түрлерiн енгiзе отырып оқыту іске асырылды. Атап айтатын болсақ,  топқа бөлу үшін «Random Team Generator» сайты, тақырыпты игерту мақсатында «Find someone who», «Hot seat with quantifiers» техникалары мен «Kahoot» платформалары аясында жұмыс жүргізілді. Сабақты бекіту және білімді жүйелеу мақсатында «Exit Pass» кері-байланыс әдісі қолданылды. Студенттер сабаққа белсене араласып, сабақтың тақырыбы толық ашылды. Үлгі сабаққа колледж әдіскері, жас оқытушылар қатысты. Сабақ барысындағы заманауи әдістер мен тәсілдер студенттердің шығармашылық бағытта ой-өрісінің дамуына мүмкіндік береді деген ойдамыз.

Просмотров: 421


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст