АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылдың 9 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ақмола облыстық білім басқармасы бекіткен Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық сүйемелдеудің медиа-жоспарына сәйкес ТЕDx форматындағы іс-шара өтті. Қазіргі заманауи студенттердің жан-жақты дамуы, ойын еркін білдіре алатын мықты тұлға болуы үшін «Таратуға тұрарлық идеялар» форматындағы TEDx конференциялары студенттерді өмір бойы оқуға, әлеуметтік белсенділік, ашықтық, қарапайымдылық, көшбасшылық, құрмет және әлеуметтік маңыздылық сияқты құндылықтарға тәрбиелейді. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы жастарға қолдау білдіріп, келешек ұрпақтың ұлт болашағы үшін бей-жай қарамау керектігін баса айтты. Іс-шарада білім алушылар мемлекет басшысының Жолдауындағы өзгерістердің оң екендігін тұжырымдап, еркін алаңда ашық талқылау жүргізді. Сондай-ақ колледж директоры ер балалардың тәрбиесі, ұлттық құндылықтарды сақтау, болашақ ЕЛ қорғандарына рухани-патриоттық тәрбие берудегі колледж миссиялары туралы ақпарат берді.