АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

№1 педагогикалық кеңес

31.08.2022
 
2022 жылдың 29 тамыз күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде №1 педагогикалық кеңес өтті. Күн тәртібінде бірнеше бағыттағы мәселелер қарастырылды. Колледж ұжымы оқу орнына жаңадан келген оқытушылармен танысты. Сондай-ақ қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нұртазина Салтанат Маратқызы мемлекеттік тапсырысты орындау бойынша атқарылған жұмыс нәтижелерінің есебін берді. Колледж директорының оқу ісі бойынша орынбасары Рақымжан Әсел Қайроллақызы және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ілияс Данагүл Нұртайқызы 2022-2023 оқу жылында студентке бағытталған сапалы кәсіптік білім беру жүйесін жүзеге асыру бойынша алға қойған мақсаттарды жіктеді. Сонымен қатар колледж директорының практика бойынша орынбасары Мұқышева Қарагөз Серікқызы және ғылыми-әдіснамалық жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы жаңа оқу жылына арналған колледждің кешенді білім бағдарламасын талқылап, бекітті. Кафедра оқытушылары тарапынан түскен ұсыныстарды «Информатика» кафедрасының жетекшісі Ғалымжан Еркебұлан Көлбайұлы «Ашық микрофон» айдарында жеткізді. Сондай-ақ тарих пәнінің оқытушысы Қабдуалиев Ұлан Балғабайұлы биыл өткізілетін «Топ-3» оқытушылар байқауының ережесін жасауға қатысты ұсынымдар мен ұсыныстарды атап өтті. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы көтерілген мәселелерді сарапқа салды. Ұсынылған мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, тиісті қаулы қабылданды. Колледж директоры Серкешбаева Гүлжанат Нұрмағамбетқызын «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісіне ие болуымен құттықтады. Сонымен қатар ғылыми-әдістемелік жұмыстарының бағалау нәтижелерімен озық көрінген оқытушылар ақшалай сертификатпен марапатталды. Қазақстан Республикасы «Дене мәдениеті» кафедрасының жетекшісі Хамзин Елебек Советұлы Оқу-ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының Алғыс хатын иеленсе, музыка пәнінің оқытушысы Құсайынов Әділ Әділбекұлы мен алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Жабагин Тілектес Есенжолұлы Ақмола облыстық білім басқармасы басшысының басшысы Жүсіпов Бейбіт Айтымұлының Құрмет грамотасына ие болды. Колледж әдіскерлері Қажақпар Әйгерім Ермекқызы мен Мәншүк Тұрлыбекқызына облыстық білім басқармасы басшысының Алғыс хаты табыс етілді.
Просмотров: 190


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст