Текст
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген Республикалық «Жылдың жүз үздік ғылыми жобасы» атты байқауына педагогика ғылымдарының магистрі Төлеген Өмірбек Шаймұратұлының жетекшілігімен «Бастауыш білім беру» бөлімінің 4 курс студенттері Маджитова Лаура, Мәденқызы Шуақ қатысты. Байқаудың екі кезеңінен де студенттеріміздің ғылыми жұмыстары үздік деп танылып Л.Маджитова І дәрежелі дипломмен, Ш.Мәденқызы ІІ дәрежелі дипломмен және төсбелгімен марапатталды. Жетекшілері Ө.Шаймұратұлы «Үздік ғылыми жоба жетекшісі» және І дәрежелі дипломға ие болды. Байқау қорытындысы 2019 жылдың 26 қазанында Нұр-Сұлтан қаласындағы №59 мектеп-лицейінде өткізілді.