АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жыл 25 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде дәстүрлі жалпы колледждік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс алдында ата-аналарға колледж ішінде шағын экскурсия жасалды. 10.30 да «Отбасы – бақыт мекені» бейнероликтер топтамасын көрсетіліп, шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі бөлімінде Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Н.Ахат сөз сөйледі. Директордың оқу жұмысы бойынша орынбасары Ә.Рахымжанова – «Колледждегі оқу процесінің талаптары», директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Д.Ілияс – «Студенттерді әлеуметтендіру бағытында колледжде атқарылатын тәрбие жұмыстары», директордың ғылыми әдістемелік жұмысы бойынша орынбасары А.Рахым «Кәсіби білімді ғылымиландыруда студенттерді ғылыми жұмысқа тарту», аға лейтенант, ювеналды полиция қызметкері Шокимов Төлеухан Азнабайұлы – «Қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алуда отбасы міндеті» тақырыптарында баяндама жасады. Салтанат залында өткен пленарлық отырыста І және ІІ курс студенттерінің алдағы уақыттағы оқу процесі, күні бойы білім алу жүйесіне көшкен екінші курстардың оқу жүйесі, жатақханадағы ішкі және сыртқы ережелермен таныстырып, жастар арасында Қазақстан бойынша орын алған басты мәселе суицидтің алдын алу жолдары айтылып, ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Осыдан соң ата-аналар аудиторияларға бөлініп, әр аудиторияда әр топтың топ жетекшілері жиналысты жалғастырды.