АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жыл қазанның 23 күні колледжіміздің «Бастауыш мектеп» бөлімінің БМ-11, БМ-22ҚБ топтары Б.Азбергенова, Д.Рахметолла жетекшілігімен «Көкшетау қаласының тарихи мұражайымен» танысып келді. Мұражай 1824 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі Көкшетаудың тарихын бейнелейді. Қорында 15 мың экспонат сақталуда. Мұнда бұрынғы Көкшетау тарихы туралы мәліметтер, қазіргі қала туралы да деректер бар. Студенттер бес залдан тұратын мұражаймен толық таныстырылды. Музейдің бірінші залы Абылай хан, Кенесары, Қанай би секілді тарихи тұлғалар туралы сыр шертсе, екінші залда В.В. Куйбышев атындағы мемориалды музей мұрағаттары қорының кейбір экспонаттары қойылған. Үшінші залдың экспозициясы Көкшетау қаласындағы темір жолдың пайда болуына арналады. Төртінші залда келушілердің назарына өнеркәсіптік кәсіпорындардың дамуы мен қазіргі қаланың тарихы туралы мәліметтер ұсынылаған. Ал бесінші залда қала мәдениетінің дамуы туралы мәліметтер жинақталған. Студенттер мұражай қызметкерлері арқылы қала тарихымен танысты.Соңында мұражайдың жабық алаңында орналасқан ескерткіштер т.б.танымдық дүниелерге тәнті болды.
«Туған жер» бағдарламасының аясында өлкелік тарихи орындарға саяхаттар ұйымдастыру - студенттерге рухани тәрбие берудің негізі. Сол себепті колледжіміздің студенттерін мәдени ошақтар, мұражайлармен таныстыру жылдар бойы қалыптасқан дәстүр. Бүгінгі алған әсер мен танымдық ақпараттар үшін «Көкшетау қаласының тарихи мұражайына» алғысымызды білдіреміз.