АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылдың 23 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Көкшетау қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушыларымен біріккен семинар өтті. «Жалпы білім беретін мектептердің 4 сыныбының білім беру бағдарламасы шеңберіндегі жаңартылған білім мазмұны және критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында өткен семинар 9.30 - 12.40 аралығында жалғасып, «Музыка» бөлімінің 4 курс студенттері, «Бастауыш мектеп» бөлімінің 3 курс студенттері және колледж оқытушылары жұмылдырылды. Семинардың теориялық бөлімінде колледжіміздің оқытушысы А.Бауыржан «Музыка» пәні жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері. Оқу мақсаттары» атты баяндамасын таныстырды. Ал практикалық бөлімінде Назарбаев Зияткерлік мектебінің музыка пәнінің оқытушысы А.Магавин «1-6 сынып бойынша сабақ мақсаттарын құру. Критериалды бағалау», Г.Магавина «4 сынып оқу жоспарын жүзеге асыру. Шығармашылық тапсырмаларды құрастыру және орындау» тақырыптарында жұмыс жүргізді. Студенттермен кері байланыс орнатып аталған тақырыптар бойынша талқылау, сұрақ-жауап жұмыстары жүргізілді. Қорытынды бөлімде колледж директорының практика бойынша орынбасары Қ.Мұқышева әлеуметтік серіктестік негізінде алынып отырған тірек мектеп – Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушыларына өз алғысын білдірді. Семинар мазмұнды әрі танымды өтті.