Текст
"Томирис" тарихи драмасы, бұл туындыдағы екі жарым мың жыл бұрын болған ұлы оқиғалар ежелгі грек тарихшысы Галикарнас Геродоттың жылнамалары негізде құрылған. Өз заманында ақылы көркіне сай әйел, бауыр еті баласына "әлди" айтқан ана ғана емес, Сақ тайпаларының басын біріктіріп, жаулап алушы Парсы патшасы II Кирге қарсы тұрып, әкесі Спаргаптың мұрасын түгел еліне қайтарған, сол арқылы халқына бостандық әперген Ұлы ел билеушісі - Томирис патшайымның тағдыры баяндалады. Осындай керемет Ақан Сатаевтың филіміне колледж ұжымы мен студенттер барып тамашаладық. Филім өте әсерлі, Томирис өмірінің түрлі кезеңін сомдаған актрисалар: Альмира Тұрсын, Лия Фомина және Салтанат Серкебаева, патшайымның рөлін толық қанды сомдап шықты.