АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылдың 16 қазанда Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің салтанат залында «Латын әліпбиі және жазу реформасы» атты қазақ әліпбиінің латын графикасына көшіруді түсіндіру жөніндегі» дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстелге «Үш байлық» ҚБ-нің бас Директоры, қоғам қайраткері Асанғазы Оразгүл Асанғазықызы, Филология ғылымдарының кандидаты, Ш.Шаяхметов атындағы «Тілқазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Орфография» басқармасының жетекші ғылыми қызметкері Рсалиева Нұрсауле Мақсұтқызы, бірлестіктің бас маманы Ғаббасова Айшат Уәлиоллақызы, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Кәрімова Гүлмира Тоқтарқызы, Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы Талпақова Айгүл Дүзелбайқызы, колледж оқытушылары мен студенттері, колледж үйірмелерінің мүшелері, сонымен қатар Көкшетау техникалық институты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің оқытушылары мен студенттері, жалпы саны 140 адам қатысты. Дөңгелек үстел колледжіміздің директоры, ф.ғ.к., Қ.Р. ПҒА корреспондент мүшесі Н.Ахаттың кіріспе сөзімен ашылды.
Дөңгелек үстел 3 бөлімді құрады.
1. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы: дәуірлік талаптар және жаңа қазақ әліпбиі
2. Латын әліпбиі және оның оқу әдістемелік талданымы. Жаңа емле ережесіндегі жаңалықтар.
3. Жаңа әліпбиді меңгертудегі IT жобалар.
Дөңгелек үстелге қатысушылар үлкен қызығушылықпен тыңдап, өз пікірлерін, сұрақтарын қысылмай білдірді. Алдағы уақытта осындай жиындардың жиі болуын сөз етті. Дөңгелек үстел соңында әр қатысушыға тақырыпқа сай таратпа материалдары берілді.