АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Антыңа адал бол!

08.10.2019

 

      2019 жыл 8 қазан күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде құрылған «Айбын» әскери-патриоттық клубы және «Томирис» рухани-патриоттық қыздар клубының жаңадан қабылданған мүшелері салтанатты түрде ант қабылдады. Рәсім Білім басқармасының жанындағы АӘД және дене тәрбиесі оқу әдістемелік орталығы, «Жас сарбаз» жасөспірімдер Республикалық қоғамдық бірлестігі, Қорғаныс істер жөніндегі департаментінің бастамасымен Көкшетау қаласының 5510 Ұлттық ұлан әскери бөлімінде «Жас сарбаз» сыныптары мен әскери-патриоттық клубтардың қатысуымен ант қабылдау рәсімі өтті. Іс шараға Ақмола облысының  білім басқармасының бірінші орынбасары Гамазов Валерий Георгиевич, Білім басқармасының жанындағы АӘД және дене тәрбиесі оқу әдістемелік орталығы директоры Ермуханов Аман Ақылбаевич, ҚР ҚМ Жоғары техникалық мектеп, Щучинск  филиалының аға оқытушысы Жылқыбаев Есентай Жарқынбайұлы, тәрбиеленушілердің ата-аналары, ардагерлер қатысты. Атап өту керек, аталмыш іс шара қалалық деңгейде алғашқы рет ұйымдастырылып отыр. Ізгі бастама отанға деген сүйіспеншілік, азаматтық және әскери борышқа деген адалдық, құрмет, батылдық, қайсарлық, ерлік сынды қасиеттерді тұлға бойында қалыптастыруда үлкен рөл атқаратыны сөзсіз. Жаңадан ант қабылдаған «Айбын» әскери-патриоттық клубы мен «Томирис» рухани-патриоттық қыздар клубының тәрбиеленушілері Облыстық, Республикалық деңгейдегі әскери-қолданбалы жарыстарда өздерін жоғары деңгейден көрсететініне сенім білдіре отырып алдағы алар асуларында сәттілік тілейміз!

Просмотров: 537


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст