АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
27 қыркүйек күні Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Ақмола облысының «Біржан сал ауданының білім бөліміне қарасты «Казгородок орта мектебі» мемлекеттік мекемесі, Ақмола облысы «Бұланды ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі және Ақмола облысы, Бұланды ауданының білім бөліміне қарасты «Балдаурен бөбекжай-балабақшасы» коммуналдық қазыналық кәсіпорындарымен 2019-2020 оқу жылына үш жақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мәні – 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту», 0105000 «Бастауыш білім беру», 0111000 «Негізгі орта білім беру», 0108000 «Музыкалық білім беру», 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт» мамандықтары бойынша оқу-тәрбие процесінде жүргізілген бақылаулар мен зерттеулердің нәтижелерін тәжірибеге енгізу.
Меморандумның мақсаты – колледж оқытушыларымен бірлесе отырып, білім беру саласының дамуына және шағын жинақты мектептердегі оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыруға атсалысу, оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу жұмысына қатысу. Мектеп мұғалімдерінің ғылыми, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-әдіснамалық әлеуетін, педагогикалық шеберліктерін арттыру мақсатында колледж оқытушыларымен ынтымақтастықта жұмыс істеу. Алдағы оқу жылында жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тақырыптық кеңестер, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру және өткізу жоспарлануда.