АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2019 жылы қыркүйек айынның 27 жұлдызында қалалық кітапханада Назарбаев Зияткерлік Мектебімен ортақтаса өткен дөңгелек үстелде «Nish – programе» бағдарламасы жайында сөз қозғалды. Аталмыш іс-шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің оқытушысы Баян Әубәкірқызының жетекшілігімен БМ-42 қолданбалы бакалавриат тобынан 10 студент, БМ-41 тобынан 5 студент, БМ-31 тобынан 15 студент, сондай-ақ Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу ісінің меңгерушісі, жаңа бағдарлама бойынша ашылған «тілдік ортаға ену» арнайы сыныбының сынып жетекшісі және аталған бағдарлама бойынша білім алып жатқан 5-7 сынып оқушылары қатысты. Бұл дөңгелек үстелде Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің жаңашылдықтары мен ерекшеліктері аталды. «Тілдік ортаға ену» бағадарламасының мақсаты мен өзгешіліктерінің түп негізі – мемлекеттік ана тілімізді жетік меңгеру. Іс-шара барысында украин ұлтының өкілі Дарья халқымыздың данасы, ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңін оқыса, неміс диаспорасының өкілі қазақтың ұлттық аспабы – домбырада А.Құнанбаевтың «Желсіз түнде жарық ай» күйін орындау арқылы мемлекттік тілді жетік меңгергенін көрсете білді. Сонымен қатар, олар еліміздің негізгі ерекшелігін, көп ұлтты, тату мемлекет екенімізді бір дәлелдеп өтті. Осы дөңгелек үстелде Н.Назарбаев зияткерлік мектебінің 10 жылдығына орай «Назарбаев Зияткерлік Мектебі» атты кітаптың басылымы жайлы және ұстаздарға арналған газет жазу эстафетасы туралы айтылып өтті. Атап өту керек, «Тілдік ортаға ену» бағдарламасы Эстония мемлекетінен бастау алған. Қазіргі таңда бұл бағдарлама мемлекетіміздің тек Талдықорған және Көкшетау қалаларында эксперименталды түрде жүзеге асуда.