АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ағымдағы оқу жылының 20 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің БМ-42 қолданбалы бакалавр тобы жазғы практика мен кыркүйек айының 1-14 аралығында өткен іс-тәжірибені қорытындылау мақсатында «Тәжірибе – кәсіби біліктілік негізі» атты конференция ұйымдастырды. Конференцияда жазғы практиканың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы сөз қозғалды. Жазғы практика бойынша 5 студент «Балдаурен» республикалық оқу сауықтыру орталығында, 7 студент Мәлік Ғабдуллин атындағы балалар сауықтыру орталығында, 9 студент №17 «Балақай» және №6 «Солнышко» мектепалды жазғы орталықтарында болып, «Баланың мектептегі алғашқы күні» атты бақылау практикасын №18 және №6 орта мектеп лицейлерінде өтті. Конференцияда студенттер іс-тәжірибе барысында кездескен мәселелерді қозғап, педагогикалық тәжірибе бойынша ұсыныстары айтылды. Конференцияға колледжіміздің практика ісі жөніндегі меңгерушісі Мұқышева Қаракөз Серікқызы, бастауыш білім беру бөлімінің меңгерушісі Лекерова Толғанай Нұрбекқызы, педагогика пәнінің оқытушысы Батанасова Бақытгүл Ерғалиқызы және Қырқаева Гүлдарай Ахметбекқызы қатысты. Конференция жоғары деңгейде өтті.