Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде қыркүйек айының 24 күні «CorelDraw бағдарламасында құжаттарды баспаға дайындау және баспадан шығару» тақырыбында панорамалық сабақ өтті. Информатика пәнінің оқытушысы Д.Утебаева ұйымдастырған сабақ келесі мақсаттарға қол жеткізді: CorelDraw бағдарламасында дайындалған құжатты баспаға шығару үшін қажетті параметрлерді игеру; Құжаттарды pdf форматында экспорттау; принтер параметрлерін баптау. Жаңа сабақ «Эстафета», «Мозайка», «Жылжымалы диктант» әдістерін ұштастыру арқылы түсіндірілді. Сабақ барысында қолданылған карточкалар, презинтация, түрлі мақсаттағы көрнекі құралдармен (дизайнерлік қағаз, ыстық желім, гүлдер, моншақ т.б.) тартымды әрі қызықты өтті. Оқыту технологияларын өзара үйлесімде, ұтымды қолданудың ерекшеліктерін көрсеткен үлгі сабақ жоғары деңгейде өтті.