Текст
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері Білім басқармасының ағымдағы жылы 20-21 қыркүйегінде Зеренді ауданының «Парус» БСО базасында ұйымдастырған «Саналы ұрпақ» ерікті клубтарының облыстық слетіне қатысып келді. Жастар бойында отанға деген патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатын көздеген екі күндік слетқа студенттеріміз Жетпісбаев Самат, Смаилова Балкүміс, Ақмағамбетова Ақниет сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта роликтер дайындап, жоғары деңгейде қорғап шықты. «Саналы ұрпақ» облыстық слетының сертификаттарымен марапатталды.