АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылдың 10 маусым күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Жайдары жаз – 2022» атты тәлімгерлік нұсқау беру орталығының салтанатты жабылу рәсімі өтті. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға тыңғылықты дайындалған «Алаш», «Барыс», «Арыстан», «Жұлдыз», «Қыран», «Бірлік», «Сұңқар» және «Арлан» жасақтары тәлімгер ретінде өз біліктіліктерін көрсетпек. Жалынды жастарға колледж директорының практика жұмысы бойынша орынбасары Мұқышева Қаракөз Серікқызы сенім білдіріп, алдағы уақытта үйренген білімін мақсатты жүзеге асыруға кеңес берді. Сондай-ақ апта бойы әрбір жасақпен белсене жұмыс істеген тәлімгерлерді педагогика пәнінің оқытушысы, педагогика-психология ғылымдарының магистрі Секенова Балкүміс Байжанқызы арнайы марапаттады. Білім алушыларға жазғы лагерьлердің тәлімгерлік жолында сәттілік тілейміз!!!