Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Отбасы күнін мерекелеу аясында өскелең ұрпақты отбасылық құндылықтарды сақтай білуге, имандылыққа тәрбиелеуге бағытталған «Отбасы – бақыт мекені» атты апталық ұйымдастырылды. Атап айтсақ, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге арналған қайырымдылық акциялары, «Мен отбасымды мақтан тұтамын» тақырыбында фотоконкурс, «Отбасым менің қуатым» атты спорттық отбасылық эстафетасы, «Отбасы – бақыт мекені» атты әдеби-концерттік бағдарлама өткізілді. Студенттер мен оқытушылар тарапынан колледжіміздің салтанат залында ұйымдастырылған әдеби-сазды кеште қазақ қоғамындағы отбасының маңызын айқындайтын тағылымды бейнероликтер, әдеби туындылардан үзінділер оқылып соңы мерекелік концертке ұласты. Қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттауға бағытталған осындай іс-шаралардан студент жастардың алар тәлімі мол болмақ.