31.05.2022
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында өткен «Ұлттық спорт лигасынан» колледжіміздің командасы Ақмола облысының намысын қорғап жүлделі ІІІ орынға ие болғаны белгілі. Осыған орай 2022 жылдың 30 мамыр күні Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы колледж мақтаныштары мен жетекшісі Бегалин Болат Жанайдарұлын арнайы марапаттады. Жеңіске толы күндердің толыға беруін тілеп, жас өрендерге деген ізгі ниетін білдірді.