АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, отансүйгіштік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында 2 қыркүйек күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары педагогикалық колледжінде «Адалдық сағаттары» ұйымдастырылды. Мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдарды негізге ала отырып, жастарды Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге, Ата Заңды құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу. «Адалдық сағатында» өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтарды, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері кеңінен түсіндірілді, жемқорлықтың қоғам мен мемлекеттің дамуына тигізетін кері әсері жайында арнайы бейнероликтер көрсетілді. Оқытушылар бұл дерттің жойылу жолы жастардың қолында екендігін айтып, құнды ой-пікірлерімен бөлісті.