20.05.2022
2022 жылдың 20 мамыр күні Bolashaq saraiy-нда «АХМЕТ БАЙТҰРСЫНҰЛЫ ТАҒЫЛЫМЫ: ІЗДЕНІС, ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ ПЕРСПЕКТИВА» республикалық ғылыми-практикалық конференцияның ұйымдастырылуына орай «АХМЕТ ЖӘНЕ АЛАШ ЖАСТАРЫ» атты медиа-акция өтті. Іс-шараға Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері мен «Тұран», «Мерей» би ансамблдерінің, «Айбын» әскери-патриоттық клубының және «Томирис» рухани-патриоттық қыздар клубының мүшелері қатысты. ЖЕР, ЕЛ, ҰЛТ ҰСТАЗЫ, АЛАШ ЖАСТАРЫ туралы жалынды, рухты сөздерді ұрандатқан жас өрендер көк Туды желбіретіп, қатысушыларға ерекше ерік-жігер сыйлады.