Текст
Бүгінгі күн колледжіміз үшін қуанышты күн! Жаңа оқу жылының қарсаңында облыс әкімі Маржықпаев Ермек Боранбайұлының қатысуымен өткен жыл сайынғы дәстүрлі тамыз педагогикалық кенесінде колледжіміздің басшысы Нұртас Ахатұлы білім саласындағы елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды. Осы орайда білікті басшы, табысты менеджер колледжіміздің директоры Нұртас Ахатұлын жаңа марапатымен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! Мұғалім үшін ең жоғарғы марапат болып саналатын төсбелгіңіз жарқырай берсін.