14.05.2022
2022 жылдың 12 мамыр күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Педагогика, психология және жеке пәндер әдістемесі» кафедрасының оқытушысы Секенова Балкүміс Байжанқызы кәсіби бағдар беру мақсатында облыс орталығындағы №17 мектеп-гимназиясына барып қайтты. Колледж мамандықтары мен біліктіліктері, үйірмелеріне қатысты бейнероликтер, презентациялар көрсетіліп, буклеттер таратылды. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға толық жауап берілді.