14.05.2022
2022 жылдың 2-14 мамыр күндері аралығында Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығының IV курс студенттері «Нұр Бала» бөбекжайында «Білім алушының таңдауы бойынша» практикасынан өтті. Тәжірибе қорытындысы ретінде бөбекжайдың логопед маманы Тайжанова С.С. «Мектепке дейінгі балалармен логопедиялық жұмыс» тақырыбында мастер-класын өткізді. Мастер-класс барысында студенттермен әр түрлі артикуляциялық жаттығулар, дидактикалық ойындар ұйымдастырылды. Іс-шара соңында практиканттар шығармашылық жұмыс орындады.