АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылдың 18-22 сәуір күндері аралығында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары, жоғары оқу орындары және Ақмола облыстық жастар ұйымдары арасында «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ – 2022» облыстық талантты жастар фестивалі өтті. Негізгі мақсат – жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін, патриоттық сезімін, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыру. Ақжолтай хабар!!! Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің студенттері аталмыш байқаудың барлық номинациялары бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Әскери-патриоттық бағыт бойынша пневматикалық винтовкадан ату кезеңінде қыздар арасында ДМ-21 тобының студенті Айкешова Дильназ жүлделі І орын, ДМ-11 тобының білім алушысы Акпаева Фаризат ІІ орынды еншіледі. Сондай-ақ ұлдар арасында ДМ-11 тобының студенті Жамбыл Әділет ІІІ орынды иеленді. Автоматты бөлшектеп құрастыру кезеңі бойынша қыздар арасында Акпаева Фаризат І орын, Айкешова Дильназ ІІ орынды еншілесе, ұлдар арасында Жамбыл Әділет І орынға, Жақсығұлов Ғанибет ІІ орынға ие болды. «Үздік мобилограф» номинациясы бойынша ФБ-31 тобының студенті Алдабергенқызы Арайлым жүлделі ІІІ орынды еншіледі. Сонымен қатар вокалдық бағыт бойынша Назимова Сәуле мен Мұхтар Әмина жүлделі ІІІ орынға ие болды. ФБ-21 тобының білім алушысы Қуанышбек Әсел «СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ АРУЫ» атанды. Айта кету керек, барлық жеңімпаз бен жүлдегерлерге ақшалай сертификаттар табыс етілді. Талантты жастарды шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!