26.04.2022
2022 жылдың 23 сәуір күні облыс орталығында өңір басшысы Маржықпаев Ермек Боранбайұлының қатысуымен «Бірге, таза Қазақстан» республикалық акциясы өтті. Экологиялық іс-шарада Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің «Ашық жүрек» еріктілер клубы да белсенділік танытты. Акция барысында тазарту жұмыстары жүргізіліп, 50-ден астам қарағай мен алма ағашы отырғызылды.