АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылдың 21 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде № 5 педагогикалық және ғылыми-әдіснамалық кеңес өтті. Күн тәртібінде бірнеше бағыттағы мәселелер қарастырылды. Онда колледж директорының оқу ісі бойынша орынбасары Рақымжан Әсел Қайроллақызы қорытынды аттестаттау емтихандарын WorldSkills стандарт талаптарына сай демонстрациялық емтихан форматында өткізу мәселелері туралы сөз қозғады. WorldSkills стандартын енгізу аясындағы демонстрациялық емтихандардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ І курс студенттерінің аралық аттестаттау нәтижелері бойынша есеп берді. Колледж директорының ғылыми-әдіснамалық жұмысы бойынша орынбасары Жоламанова Тойындық Молдағалиқызы педагогикалық зерттеулердегі салыстырмалы тәсілдерді қолдану мәселелерін айқындады. Сонымен қатар дипломдық жұмыстардың алдын ала қорғау жұмыстарының есебі берілді. Мекемедегі элективті курс жетекшілерінің жұмыс нәтижелері көрсетіліп, перспиктивалық жобалар анықталды. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы көтерілген мәселелерді сарапқа салып, шешу жолдарын айтты. Ұсынылған мәселелер бойынша талқылау жүргізіліп, тиісті қаулы қабылданды.