АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

«ЛИНГВИСТИКА ЖӘНЕ ШЕТ ТІЛДЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ІI РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

21.04.2022
2022 жылдың 20 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі «Ағылшын» бөлімінің ұйымдастыруымен «Лингвистика және шет тілдерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» тақырыбында ІI республикалық студенттік ғылыми-практикалық онлайн конференциясы өтті. Іс-шараның мақсаты – лингвистика, әдістеме және жаңа технологиялар тұрғысынан шет тілдерін оқыту саласында ғылыми мәселелерді талқылау, білім алушылардың бәсекеге қабілеттілігінің деңгейін арттыруға үлес қосу. Конференция «Шетел тілін оқытуда жаңа әдістер мен технологиялар», «Теориялық және қолданбалы лингвистика» және «Мәдениаралық қарым-қатынас» атты үш секциядан тұрды. Секция модераторлары ретінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Кабдушева Алия Жумадиловна, Ақмола облысы Зеренді ауданындағы Бірлестік орта мектебі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Турысбекова Сания Кенжебаевна, Көкшетау қаласындағы Абай атындағы (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Оспанова Шолпан Самыратқызы қатысты. Республикалық конференцияға жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері және 10-11 сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар секция тақырыптарына байланысты ғылыми-зерттеушілік жұмыс жүргізіп, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде баяндама оқыды. Конференцияда қызу талқылау жүргізіліп, ұсыныстар қабылданды. Барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілерге арнайы сертификаттар берілді.
Просмотров: 250


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

СоцСети

Ұйымдар тізімі
Текст