АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің филология бөлімінің ФБ-21,22,23 тобының студенттері әдіскерлер Г.Серкешбаева, Д.Ілияс, А.Рахимова, Б.Аймаханова, Қ.Иманбаев, А.Кажакпарованың жетекшілігімен 27 мамыр мен 08 маусым аралығында фольклорлық практиканы қалада және алтын бесік ауылымыздың түрлі жерлерінде өтті. Қаладағы студенттер облыстық кітапхана, қалалық кітапханаларда және архивтерде жұмыс жасаса, ауылдағы студенттер көнекөз қариялармен кездесіп сұхбат алып, ауыл кітапханаларымен жұмыс жасап халық ауыз әдебиетінің мұраларын жинау жұмыстарын жүргізді. Халқымыздың бай мұрасы, халық қазынасы саналатын фольклор ғылымы бүгінде кең қанат жайды. Айтулы ғалымдар зерттемеген, қалам сілтемеген тұстары қалмады десек, артық айтқандық емес. Сөйтсе-дағы байтақ еліміздің, кең Қазақстанның түпкір-түпкірінде әлі де болсын мол қазына бұлақтары жатыр. Практика барысында студенттер тұрмыс-салт жырлары, Наурыз жыры, тыйым сөздер, батырлар жыры, эпостық жырлар, аңыз-әңгімелер, өтірік өлең, халық әндерін, ертегілерді жинақтау барысында жаңа нұсқадағы дерек көздерді тауып практиканы қорытындылау конференциясында бөлісті. Іс-шара барысында салт-дәстүрден көрініс көрсетіліп, халық әндері айтылып, ұлттық тағамдардан дастархан жайылды. 06 маусым күні облыстық «Бұқпа» газетінде «Фольклор – рухани жан дүниенің айнасы» тақырыбында мақала жарияланды.