АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖАНЫНДАҒЫ Ж.МУСИН АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ ЖОҒАРЫ ҚАЗАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ
ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ «КОКШЕТАУСКИЙ ВЫСШИЙ КАЗАХСКИЙ ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ ИМ.Ж.МУСИНА» ПРИ УПРАВЛЕНИИ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
2022 жылдың 14 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде Ақмола облыстық сотының төрағасы Әмір Досжан Сарманқұлұлының 60 жылдық мерейтойына арналған «Тұлға танымы» атты руханият кеші өтті. Кездесу кезінде колледж студенттері сот ісінің білгірлімен жете танысты. Тұлғаның «Қазақстан Конституциясына – 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл», Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалі, «Қазақстан Республикасы Конституциясына – 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл», «Мінсіз қызметі үшін» ІІІ дәрежелі, «Қазақстан Конституциясына – 25 жыл», «Мінсіз қызметі үшін» ІІ дәрежелі, «Қазақстан Тәуелсіздігіне – 30 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» құрмет, «Қазақ хандығына – 550 жыл», «Судьялар одағының құрметті мүшесі» құрмет белгілерімен, «Құрмет» орденімен марапатталуы — ЕЛ құрметтейтін азамат екендігінің айқын дәлелі. Арнайы кеште білім алушылар бар өнерлерін ортаға салып, озық тұлғаға деген ыстық ықыласын танытты. Филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы, Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінің директоры Ахат Нұртас Ахатұлы мерейтой иесін құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Жас өрендер «Ашық микрофон» айдарында Әмір Досжан Сарманқұлұлына сот саласының хал-ахуалы жайында сұрақ қойып, сала қиыншылықтары мен артықшылықтары жайында сөз қозғады. Өзекті тақырыптар басты назарға алынды. Руханият кеші сырлы сұқбатқа, сазды әуенге толы болды.