Текст
3 маусым күні колледжіміздің аула сыпырушысы әрі бақшысы Жеңіс Ержанұлы 60 жасқа толды. Соған орай колледждің тәрбие бөлімі мен кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен туған күн иесін құттықтау іс-шарасы өтті. Бұл іс-шараға колледж әкімшілігі, ұжым және студенттер қатысты. Колледж директоры Нұртас Ахатұлы және директордың шаруашылық жұмысы бойынша орынбасары Болат Жұмабекұлы туған күн иесіне құттықтау сөзін айтты. Музыка, филология, мектепке дейінгі бөлімнің студенттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.