14.04.2022
Ағымдағы жылдың 13 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі тәрбие» құзіреттілігі бойынша «WorldSkills Аqmola – 2022» аймақтық чемпионатындағы бәсеке қарқын алды. Білім бәйгесінде оза шапқысы келетін жас таланттар біріне-бірі дес берер емес. Кезекті сайыста қатысушылар «Кіріктірілген модулі. «Көркемдік-эстетикалық дамыту» және «Ата-аналармен өзара қарым-қатынас» В Модулі және «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту және тәрбиелеу» А Модулі бойынша бақ сынауда. Бұл кезеңнен мүдірмей өту жастардың жан-жақты дамуына кепілдік береді.