13.04.2022
2022 жылдың 12 сәуір күні Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжінде «Кіші сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша өткізіліп жатқан «WorldSkills Аqmola – 2022» аймақтық чемпионатының алғашқы кезеңі бастау алды.
Білім бәйгесінде қатысушылар «Интерактивті жабдықты пайдалана отырып, оқу пәндерінің бірінде бастауыш сыныптарда сабақтың үзіндісін (жаңа білімді ашу кезеңі) әзірлеу, әдістемелік қамтамасыз ету және өткізу» А және «Оқу пәндерінің бірінде белгілі бір тақырыпты меңгеруді қамтамасыз ететін деңгейлік оқыту тапсырмаларын әзірлеу және көрсету» В модульдері бойынша өз қарым-қабілеттерін көрсетуде. «Кіші сыныптарда оқыту» құзіреттілігі бойынша өткізіліп отырған «WorldSkills Аqmola – 2022» аймақтық чемпионатының қатысушылары:
1. Шелельо Валентина – Жоғары педагогикалық колледжі, Щучинск қаласы;
2. Амантаева Дидар – Жоғары қазақ-гуманитарлық техникалық колледжі, Көкшетау қаласы;
3. Демченко Маргарита – Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжі, Көкшетау қаласы;
4. Жылқыбай Аружан – «Арна» Кокшетау жоғары колледжі, Көкшетау қаласы;
5. Мажитова Ділнәз – «Мақсат» колледжі, Степногорск қаласы;
6. Арапова Қарлығаш – Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі, Көкшетау қаласы.
Барлық қатысушыларға сәттілік серік болсын!